2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 39-2 шешімі
(2020.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-5 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020.31.03. № 42-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.15.04. № 43-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.06.05. № 44-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.14.07. № 47-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.11.08. № 48-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.18.09. № 50-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 52-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.10.11. № 53-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.25.11. № 54-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.23.12. № 56-2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға арналған бюджет мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 53 792 971 мың теңге:
салықтық түсімдер - 28 868 947 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 277 574 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 423 020 мың теңге;
трансферттер түсімі - 19 223 430 мың теңге;
2) шығындар - 65 811 206 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 920 325 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 1 108 486 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 188 161 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -12 938 560 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 12 938 560 мың теңге:
қарыздар түсімі - 16 552 993 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 4 830 881 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 216 448 мың теңге.